Сұйық сүрме. Тиімді емдік-профилактикалық шығыс емі. Әрдайым шаршаған және қызарған көздерге алғашқы көмек көрсетеді. Сүрме көзді емдеуге, көз көруін жақсартуға, тазартуға, кірпіктің өсуіне ықпал етеді. Құрамында зәм-зәм суға негізделген комфора мен жалбыздың сығындылары, жағымды иісі бар және көзге салқындық сезімін тудырады.
ҚОЛДАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ. (емдік әсері).
1. Блефаритте және көздің қызаруы кезінде.
2. Конъюнктивитті емдейді, аллергиялық реакцияларды жеңілдетеді.
3. Глаукома (көз қан қысымы)
4. Көздің торлы қабықшасы (қан тамырларын қалпына келтіреді)
5. Компьютерде жұмыс істегенде тітіркенуді және көздегі ауырсынуды басады
6. Көзді ылғалдандыруға көмектеседі, құрғақтықтан арылтады
7. Автожүргізушілерге ұсынылады (ұзақ уақыт көлік
жүргізу кезінде)
8. Электрмен дәнекерлеу жұмысшылары үшін(электр
сваркасы)
9. Көз асты ісінуін басады.
10. Спортшыларға қарқынды
физикалық жүктемеге дейін және кейін ұсынылады .
11. Байланыс линзасын үнемі қолданатын адамдарға. (Қан тамырларын дезинфекциялайды және
тарылтады).
12. Кез-келген көз инфекциясын емдейді.
13. Татуаж косметологтарына ұсынылады.
Қолдану тәсілі: Сұйық сүрме тамшыларын күндіз және кешке бірнеше рет тамызуға болады. Сондай-ақ түнде ұйықтар алдында тамызуға болады. Көз шаршағанда және қызару пайда болған жағдайда, күніне бірнеше рет әр көзге,бір немесе екі тамшыдан тамызыңыз.
Алдымен көздің ашуы және ауырсынуы болады. Қабақты 20,30 секундқа жұмып тұру керек, ісінуді басу үшін көз гимнастикасын айналмалы қозғалыспен жасауға болады. Сосын көзіңізде салқындықты сезінесіз. Ұзақ қолданған кезде көрудің жақсаруы байқалады.
Назар аударыңыз: көзіңізді қолыңызбен уқаламаңыз, себебі қолыңыз таза болмаса инфекция тудыруы мүмкін. Сондықтан, қолданар алдында мүмкіндігінше қолыңызды сабынмен жуыңыз, мүмкіндік болмаған
жағдайда қақпақты ақырын бұрап ашыңыз, инфекция түспеу үшін тамшуырды саусағыңызбен ұстамаңыз.
ДӘРІЛІК ӨНІМГЕ ЖАТПАЙДЫ. Қарсы көрсеткіштер:
1. 6 айға дейінгі балаларға.
2. Көзге операция жасалғандарға (7 -12 айдан кейін тамызуға болады)
3. Жеке төзімсіздік.
Қолдану шарттары.
1. Байланыс линзалары. Созылмалы құрғақ көз синдромы, кератит, эрозия және мүйіздік жаралар - бұл линза өндірушілерінің өз өнімдерін ұсынып жарнамалағанда ескертуді
ұмытып кететін ең көп таралған аурулар. Күнделікті миллиондаған адамдар линзаларды 8-9 сағат бойы не одан да ұзақ уақыт қолданады және көзді ылғалдандыратын (жасанды көз жас) тамшысын
қолданады,бірақ ол дезинфекцияламайтын (тазаламайтын) тамшылар. Линзаны шешкеннен кейін көзді ұқалап, қызыл қан тамырларын ауырғанға дейін сүрте бастайды, бұл түрлі инфекциялар тудырады.Бұл сүрме тек тазартып қана қоймай, сонымен қатар көз тамырларын қалпына келтіреді. Санаулы минут ішінде ісінуді кетіріп көзіңізді жақсартады.
2. САУ КӨЗ де емдік профилактиканы қажет етеді: моншадағы бу бөлмесінен кейін, көшеде, тауда
серуендеу,жүгіру,физикалық дайындық жасау, макияжды күнделікті пайдалану, жұмыс стрессі, кішкене шаңның ұсақ дақтары, бассейнде шомылғаннан кейін және т.б. Таңертең оянғанда біз көз бұрыштарында кептірілген шырышты, яғни ұйқы кезінде жиналған микроқалдықтарды байқаймыз. Бұл-көздің өзін-өзі тазартуы. Микроқалдықтар мөлшері көбеймес үшін, сүрмені ең болмағанда ұйықтар алдында және оянғанда қолданған дұрыс.
3. АСТИГМАТИЗМ. (Миопиялық және гиперметропиялық миопия, алыстан және жақыннан көрмеу). Егер уақытында емделмесе, ол көз қылилығына және көздің күрт төмендеуіне әкелуі мүмкін, бұл бас ауруы мен көздің ауырсынуын тудырады. Бастапқы кезеңдерде оны сұйық сүрмемен емдеуге болады.
4. КОНЪЮНКТИВИТ: қабақтың ісінуі және қышуы, көз мембранасының қызаруы, жарықтан тітіркену, көзден бұлыңғыр, тұтқыр, сұр немесе сарғыш бөліністер, мұндай жағдайда қабақтар әдетте ұйқыдан кейін бір-біріне жабысып қалуы мүмкін және көз айналасындағы тері, көздегі бөтен нәрсенің сезуі, көздің ашуы, ауру және көзге шағылысу. Қабынуды тудыратын көздің ішіне түсетін инфекция - бұл сапасыз немесе мерзімі өткен косметикадан, жалпылай бассейндерде немесе ластанған суда, көзді лас қолмен ұқалағанда, байланыс линзаларын дұрыс қолданбағанда, конъюнктивитпен ауыратын басқа адамнан жұғуы мүмкін. Аллергиялық реакцияларда: гүлдің тітіркендіргіш тозаңына, шаңға, жануарлардың жүндеріне, химиялық заттарға, шаңға қарсы жағдайларда іріңді конъюнктивит
пайда болуы мүмкін.Мұны 3-5 күн ішінде сүрме тамшыларымен емдеуге болады
5. БЛЕФАРИТ. Қабақтың қабынуы балаларда және ересектерде кездеседі.Белгілері: әр түрлі дәрежедегі қабақтың қызаруы, қышу, қабақтың ауыруы, ауырлық сезімі, көзде қабыршақтың
пайда болуы, фотофобия, жараның пайда болуы, ұйқыдан кейін қабақтың жиектерінің ісінуі, сондай-ақ арпа (ячмень) тәрізді созылмалы ағымы бар.Бірінші ыңғайсыздық сезімі пайда болған кезде оны сүрме тамшыларымен жою керек
6. КАТАРАКТА. Көру қабілетінің бұлыңғырлануы, туа біткен және жасына байланысты катаракталар бар.Ол көбінесе спортшыларда, боксшыларда, аралас жекпе-жек спортшыларында кездеседі.Күнделікті 4 тамшыдан 10 тамшыға дейін тамызу ұсынылады.
7. ГЛАУКОМА. 50 жастан асқан көздік қысым Миопия Өте жоғары немесе төмен қан қысымы (әсіресе
түнде).Уақыт өте келе жүйке зақымдануы мүмкін. Тұрақты қолданған кезде сүрмемен емдеуге болады
8. ТЕРІСКЕН. Жұқпалы ауру.Қабақтың шеттерінің ісінуі, қызаруы, қабыршықтануы. Үстінен бассаң қатты ауырсынумен қатар жүреді.Көзге бөтен зат тұрғандай сезіну, жасаурау.Симптомның өткір түрі - күш жоғалту, дене қызуы, бас ауруы. Күн сайын 2-3 тамшыдан 3-тен 7 ретке дейін қолданыңыз.
9. КӨЗ КОСМЕТИКАСЫ: Макияжды сүрткеннен кейін әр көзге бірнеше тамшыдан тамызуға болады.Қарындаш, тушь, және т.б бояулар химиялық заттардан тұрады, ол көзге зиянды және
тітіркендіргіш әсер етеді.Сондықтан көз гигиенасы мен көзді толық тазарту үшін сұйық сүрме тамшыларын қолданыңыз.
11 ТАТУАЖ ШЕБЕРЛЕРІ МЕН КОСМЕТОЛОГТАРЫ, ДЕРМАТОЛОГТАРЫНА. Ықтимал аллергиялық реакцияларды жою үшін,процедураға дейін және одан кейін науқастың екі көзіне де тамызуды ұсынамыз.
12. ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН. НОУТБУКТЕР, СМАРТФОНДАР, КОМПЬЮТЕРЛЕР ЖӘНЕ ПЛАНШЕТТЕР.Ұялы телефондарының көру органдарына зияны өте үлкен.Электромагниттік сәулелері, толқындар көздің қан айналымын едәуір нашарлатады,бұл көздің көру қабатының нашар жуылуына әкеледі, ол біраз уақыттан кейін тұманданып, бұзыла бастайды. Адам көздің ауырсынуын,қатты бас ауруын сезінеді.Көру проблемалары гаджеттің дисплейіне ұзақ уақыт шоғырлануына байланысты көз бұлшықеттерінің үнемі шамадан тыс жүктелуінен де туындауы мүмкін.Олар көздің елеулі,теріс
өзгерістерімен бірге жүреді. Көру концентрациясы нашарлайды, көздің өнімділігі төмендейді, жарықтан балаларыңыз көзінің құрғауынан жиі жыпылықтатады, қан тамырлары ұзақ жүктемеден және жарықтан кеңейеді және т.б. Мұның бәрі көздің әртүрлі ауруларына әкелуі мүмкін.Сондықтан өзіңізді және балаларыңызды көру қабілетінің нашарлауынан қорғаңыз. Сұйық сүрме көз тамшысын үнемі тамызып, көзіңізді жиі тазалап және көз жанарыңызды жақсартып тұрыңыз.